Депутат – Ордабасы ауданында

583

Парламент мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Ордабасы ауданына іс-сапарын Шұбарсудағы 600 орындық «Ынтымақ» мектебінің құрылысымен танысудан бастады. Жобаның жалпы конкурстық құны – 778 млн 722 520 теңге. Жеңімпаз мердігер — «Тұр-Ахмет и компания» ЖШС. Мектеп 15 тамызда қолданысқа беріледі деп күтілуде.

004

Іс-сапаршылар Қараспан ауылдық округіндегі «Ecology green food» жылыжайына да ат басын бұрды. Жерасты жылыжайы 154 гектар жерге салынбақ. 30 гектарда ерте пісетін көкөніс тамшылатып суарылуда.

Бүгінде 4 гектар жылыжайдың құрылысы аяқталып, екі жыл көлемінде 62 гектар қосылады деп күтілуде. Мұндағы 40 жұмысшының орташа айлығы – 70 мың теңге. Тың әдіске негізделген жылыжай жылыту жүйесін қажет етпейді, себебі олар жылуды топырақтан алады.

005

— Жылыжай шаруашылығын бастағаны­мыз­ға бір жыл. Жайылым жерді игеру алғашқыда қиын болғанымен, бүгінде ол күндер келмеске кетті. Алдағы үш жылда жоспарымыз түгел іске асып, тағы 100 адамды жұмыспен қамтимыз. Гектар түсімін 120 тоннаға жеткізуге ниеттіміз. Алғашқысын алып, сау­да орындарына жібер­­генімізге бір ай­дан асты. Әзірге об­лысқа, республиканың кейбір аймақтарына жеткізілуде. Сонымен қатар шабдалы, жаң­ғақ, алма көшетін ектік. Бір жағынан бау-бақ­шаны жайқалтсақ, екін­ші жағынан тоқтау­сыз соғатын желге тос­қауыл болады. Аудан­дық әкімдікке ойымыз­дағыдай жер бөліп, құжат­тары­мыз­ды рә­сім­деуге қол ұшын созып, суб­сидия, басқа да мемлекеттік бағ­дарламалардың тиімді тұста­ры­мен таныстыр­ғаны үшін ризамыз, — дейді жеке кәсіпкер Ермұрат Ғабитұлы.