Шымкент әуежайында құны 25 мың АҚШ доллары болатын қаршығалар салынған сөмке табылды. Дорбада тек құстар жатыр.
Қанатты табиғат жануарлары Дубайға тасымалданбақ болыпты. Шұғыл тексеру-анықтау шараларының нәтижесінде «Шымкент — Дубай» бағытымен ұшатын №738 әуе рейсінің ұшағына тиелгелі жатқан жерінен үлкен қос қара сөмке табылды.
Сөмкелердің ішіне 24 қаршыға жасырылған екен. Әзірге контрабандалық жүк экономикалық қылмыстар қызметіне тексеруге беріліп, аталмыш іске қатысы бар адамдар іздестіріліп жатыр.