Қала тұрғыны сауда жасап, Лада Гранта ұтып алды

Ұтыс

Қала күні мерекесіне орай «Халықтық Фиркан» дүкендер желісі тарту жасады. Тұтынушылар арасында ұтыс ойындары ойнатылып, бас жүлдеге Лада Гранта автокөлігі тігілді. Қапал батыр көшесі, 4-үйде орналасқан сауда орталығында «Фанки Кидс» балалар орталығы ашылып, бүлдіршіндерді тағы қуантты.

Ұтыс

Осы күні Шымкенттің 3000-ға тарта тұрғыны «Халықтық фиркан» супермаркетіне жиналды. Барлығы ұтыс ойынының басталуы тағатсыздана күтті. Мұнда тігілген құнды сыйлықтарға кез келген жанның ие болу мүмкіндігі бар. Бастысы, бір айдың ішінде 15 мың теңгеге сауда жасап, арнайы купон алсаңыз, ұтыс ойынына қатысушысы атанасыз.

Ұтыс

Ұтысқа үйге арналған ыдыс-аяқтар, ас үй комбайны, теледидар, басты сый -Лада Гранта автокөлігі тігілген. Ең қажетті деген осындай 20 түрлі сыйлық бар. Бұл күні сәттілік серік болған бақытты жанның бірі Шахло Юлдашев. Ұтыс иегерінің қолында бір емес, 9 билеті бар. Алайда оның тек біреуі ғана шымкенттік тұрғынға ұтыс сыйлапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=nQFtInUaDd4[/youtube]

Ал Лада Гранта көлігін Шалхар Аққулиев еншіледі. Қолына автокөліктің кілтін ұстаған ұтыс иегері өз көзіне өзі сенер емес. Қуаныштан, тіпті сөз таба алмай қалды.

Ұтыс

Суперматкетте «Фанки Кидс» балаларды дамыту орталығының ашылу рәсімі де қала күнімен тұспа-тұс келді. Мұнда бүлдіршіндер түрлі ойындар арқылы өздерін жан жақты дамыта алады. Ал жыл соңына дейін шаһарымызда тағы екі «Халықтық Фиркан» дүкені ашылмақ.