Шымкент әкімдігі Whatsapp желісіне қосылды

291

Енді Шымкент тұрғындары қаладағы келеңсіз оқиғаларды ұялы телефондарына түсіріп, бірден әкімшілікке шағымдана алады. Ол үшін 8-777-885-85-13 арнайы сенім телефон нөміріне Whatsapp желісі арқылы байланыса алады. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

011

Қала әкімі Ғабидулла Әбдірахимовтың бастамасымен қолға алынған жоба Шымкенттегі тәртіп бұзушылықты азайтып, қаланы абаттандыруды көздейді. Ал азаматтардан келіп түскен әрбір хат қала әкімдігі мамандарының бақылауында болмақ.