«Пирим» дүкенінде жаңа үлгідегі жиһаздар сатылуда (PR)

Сәнді, сапалы, жиналмалы және құрастырмалы жиһаз. Мұның барлығы «Пирим» дүкенінде бар. Мұнда жатын, қонақ үй, ас үй, балаларға арналған жиһаздардың жаңа үлгілерін қолжетімді бағада сатып ала алуға болады.

150-ден астам үлгіде шығарылатын дүниелер 135 жылдық тарихы бар белорусиялық «Пинскдрев » фабрикасында жасалады. Кәсіпорын өкілдері жаңа үлгідегі жиһаздарды ұсынып, көрме ұйымдастырды.

Сергей Юхтикович, ТМД елдері бойынша аймақтық сату бөлімінің басшысы: «Белорусь жиһаздары Қазақстанда 1995 жылдан, ал Шымкентте 5 жылдан бері сатылуда. Өте сапалы. Табиғи ағаштардан жасалады. Сатып алушыларға екі жылға дейінгі мерзімде кепілдеме береміз.»

Бір артықшылығы, көңіліңіз қалаған жиһаздың қаптама түсі ұнамаса, қалауыңыз бойынша өзгертуге, тапсырыс беруге болады. Тағы бір тиімді тұсы, көздің жауын алатын жиһаздарды бірден сатып алуға қалтаңыз көтермесе, несиеге ресімдеу арқылы қол жеткізуге болады.

Саера Карабаева, «Пирим» жиһаздар дүкенінің әкімшісі: «Бүгін көрмеде жаңа үлгідегі жиһаздарымызды ұсындық. Мұндағы заттар жыл сайын жаңаланып отырады. Үлгілері де қайталанбайды. Классикалық және модерн үлгідегілері де бар.  Бастысы саралы әрі бағасы тиімді.»

Көрсетілген жеңілдіктерге ие болып, Белорусь жиһаздарына қол жеткіңіз келсе, Темірлан тасжолы, нөмірсіз үйде орналасқан «Пирим» дүкеніне асыңығыз.