Бірқатар мемлекеттік бағдарлама тоқтайды

446
Мемлекеттік бағдарлама
Фото: //e-kyzylorda.gov.kz/

«Қолжетімді тұрғын үй», «Ақ бұлақ», «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламаларының күші жойылады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Дегенмен, үкіметтік бағдарламалар қысқартылғанымен, міндет-мақсаты сол күйінде қалады.

Мемлекеттік бағдарлама
Фото: //e-kyzylorda.gov.kz/

Бұл бағдарламалардың құжаттары қысқарғанмен, мақсаттары мен міндеттері «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» интеграцияланған. Институционалдық бес реформа аясында бұл жұмыстар жалғасын табады. Облыс әкімінің орынбасары ешбір бағдарламаның да аяқсыз қалмайтынына сендірді.

Бюджетті ықшамдау шаралары да пысықталды. Осыған дейін материалдық базаны нығайтуға 5 млрд теңге жұмсалып келсе, келер жылдан бастап бұл қаражат та кемитін болады. Алдағы жылдың бюджетінде құрылыс нысандары да аз қаралып отыр. Тек өтпелі нысандар мен үш ауысымды, апатты мектептердің ғимараттарын қаржыландыру көзделген.

Биыл облысқа қаралған 470 млрд теңгенің 98,8 пайызы игеріледі. Үнемделген қаражат пен төтенше жағдайларға бөлінген резервтік қаржылар келер жылы өзге мақсаттарға жұмсалатын болады. Ербол Садыр биыл облыстың қаржы игеру көрсеткіші бойынша республикада алғашқы бестіктен көрінуге уәде берді.

Мақпал Рысбаева