Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Таяуда http://xn—tbasybank-z2h.kz/ жылжымайтын мүлік порталында 2-10-20 және 5-10-20 бағдарламаларына өтінім беру аяқталды. Атап айтқанда Қаратау ауданы Бозарық шағынауданында осы бағдарламалар аясында көп қабатты 12 үй бөлінді. Онда жалпы саны 444 пәтер бар.
Оның ішінде 1 бөлмелі – 111 пәтер, 2 бөлмелі – 111 пәтер және 3 бөлмелі 222 пәтер бар. Баспананың 1 шаршы метрі 221 300 теңгеге бағаланған.
Ал іріктеу кезеңі брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күнінде өтеді.
Айта кетейік, бүгінде ҚР заңдарына енгізілген өзгерістерге байланысты есепке алу баспанаға мұқтаж азаматтардың есепке қойылған күні мен табыс деңгейіне сәйкес жүргізіледі.







