«Кселл» абонеттері үшін тағы бір жағымды жаңалық. Компания жаңа жыл қарсаңында өз тұтынушылары үшін жаңа тариф жоспарын іске қосты. «Стандарт», «Бизнес» немесе «Премиум» жоспарларына қосылған тұтынушы ғаламтор желісін күн ұзағына еркін қолданып, телефондағы бірлікті үнемдемей, желі ішінде тегін сөйлесу мүмкіндігіне ие.
Бұл тарифтерде ай сайынғы абоненттік төлем 3 590 және 17 500 теңге аралығында болады. Абонент «Барлығы ішінде» қағидалы пакетке ие болып, оған Қазақстан аумағындағы барлық желілерге және желі ішінде қоңырау шалуға арналған минуттар, интернет-трафик, SMS беріледі.
Бұл тарифтік жоспардың тағы бір ерекшелігі — сіз алыс шетелде де жақындарыңызбен байланыста бола аласыз. Әлемнің 181 елінде байланыс операторы өз жұмысын тоқтатпайды. Ол үшін тұтынушыларға тиімді роумингтер қарастырылған.
Компания өкілдері мұнымен тоқтап қалмайтындарын айтады. 2016 жылдан бастап бұдан бөлек бірқатар жаңа тарифтік жоспарлар желіге қосылмақ. Сондай-ақ, мамандар жаңа жыл түні байланыс желісінде ешқандай ақау болмайды деп уәде етті.
* — жарнама