ОҚО әкімі бес жылдық даму бағдарламасымен танысты

289
Даму бағдарламасы

Өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы таныстырылды. Жиында сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев бағдарламаның алты бағыт бойынша жүзеге асатынын айтты.

Даму бағдарламасыАлдағы бес жылдықта өңірдегі қала тұрғындары – 100 пайыз, ал ауылдық елдімекеннің 80 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар үш ауысымды және апатты мектептерді азайту, балабақшамен қамту көрсеткішін 77%-дан 100% жеткізу жоспарланған. Одан бөлек экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары мен мемлекеттік қызметтер қамтылмақ.

Басқарма басшысы даму бағдарламасын таныстыру кезінде облыстың негізгі бағыты ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржының үлесін 5% дейін көбейтуді ұсынды. Жиын соңында даму бағдарламасы бойынша ұсыныстар қабылданып, толықтырулар енгізе отырып, 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасы облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылатын болады.