Оңтүстікке түрік кәсіпкерлері іс-сапармен келді

256
Түрік кәсіпкерлері

Оңтүстік Қазақстан облысына түркиялық кәсіпкерлер инвестиция салмақ. Таяуда өңірімізге «Elit Metalurji» және «Bilsa Kalıp» түрік компанияларының басшылары жұмыс сапарымен келді. Аталған компаниялар медицина, қару-жарақ, машина жасау және өзге де өндірістер саласында қолданылатын өте шағын және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады.

Түрік кәсіпкерлері

Шетелдік қонақтардың сапарының басты мақсаты – өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату. Осыған орай түрік кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевпен кездесіп, аймаққа инвестициялау мүмкіндігі мен бірлескен жобалар құрудың жайын талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түрік кәсіпкерлері

Делегаттар «Karlskrona» және «Дезфумэкс» компанияларының өндірісімен танысып, жергілікті компаниялармен құю өндірісінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді. Осы сапар кезінде кәсіпкерлер «Оңтүстік» және «Қазақ-түрік» индустриалды аймағының жұмысын да көріп қайтты.