Мұқтаж отбасыға көмек жетті

448
Көмекке мұқтаж отбасы

Көмекке мұқтаж Елеуовтер отбасының елегендер қол ұшын созды. Бес баласының үшеуі сал ауруына шалдыққан жас жұбайлар жомарт жандардан көмек сұрағаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Көмекке мұқтаж отбасыОтбасының тілегі қабыл болып, оларға көмек берушілер табылды. Жерлестерінің тағдырына бей-жай қарамағандардың бірі редакцияға хабарласып, Алматы қаласынан баспана алып беретінін жеткізді.

Ал Шымкенттегі «Грин бас» компаниясының басшылығы жалдамалы пәтерлерінің бір жылдық ақысын төлеп беретіндерін айтты. Ал қайырымды жандардың бірі отбасымен кездесіп, қолдау көрсетуде. Олардың арасында «Манкент» ши­пажайы­ның бас директоры Хамрақұл Қорғанов та бар. Қаржылай көмегін ала жеткен жанға мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы дән риза.

Арнамыздың сайтында көпбалалы отбасын қамқорлыққа алу жөнінде үндеу тасталыпты. Тағдырдың тауқыметін көтерген жас отбасы жалғыз қалмасы анық. Қуантатыны, жастар да белсенділік танытып, киім-кешек, азық түлік, қаражат жинауда.

Шынар Оразова