Шымкентте «Эврика мобайл» дүкені ашылды. Мұнда мобильді техниканың көңіліңіз қалаған түрін табуға болады. Смартфондар, планшеттер мен ақылды сағаттар және оларға арналған аксессуарлардың барлығы бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Эврика мобайл» дүкені жұық арада мобильді технологияның соңғы үлгісін таныстыратын бірден-бір әмбебап дүкенге айналмақ.
Дүкеннің тағы бір ерекшелігі — мұнда балаларыңызға да жағдай жасалған. Бүлдіршіндерге арналған арнайы бөлме сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл дүкенде өзіңізге ұнаған кез келген техниканы ең төменгі пайызбен несиеге рәсімдей аласыз. Ал дүкеннің ашылуына орай барлық тауарға жеңілдіктер қарастырылған. Асығыңыз, бұл жеңілдік акциясы 4-ақ күнге жалғаспақ.
Құрбан Хасбулатов, «Эврика» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры: «Біз бүгін Шымкент тұрғындары үшін «Эврика мобайл» дүкенін аштық. Мұнда гаджеттер мен соңғы технологияны сүйер қауым үшін мобильді телефондардың 150-ге тартар түрі бар. Мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта облыстың өзге де аймақтарында дәл осындай дүкендерді ашу жоспарда бар. Мұның барлығы біздің тұрақты тұтынушыларымыз үшін жасалынып отыр.»