Тойда жүріп дауыс берді

297

20 наурыз күні жаңадан некесін қиған жас жұбайлар да сән-салтанатын келістіріп, саяси науқанға өз үлестерін қосты. Ұлан-асыр той жасап жатқан жастар серуен кезінде арнайы ОҚМУ-де орналасқан учаскеге ат басын бұрып, дауыс берді. Олар осынау шаттыққа толы күннің сайлау датасымен тұспа-тұс келгеніне дән риза. Дәл бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар 20 наурызда елмен бірге тойлауды жақсылыққа балап отыр.