Жаңа сайланған депутаттар бас қосты

225
Жаңа сайланған депутаттар бас қосты

Жаңа сайланған депутаттар бас қостыОблыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев сайлаудың қорытындысын жария етті. Облыс мәслихатының депутаттығына 219 үміткердің ішінен тек 127-сі ғана додаға түскен.

Сөйтіп, Оңтүстік өңіріндегі 50 округ бойынша саяси науқаннан сүрінбей өткен 50 депутат жиында таныстырылды. Алтыншы шақырылымдағы облыс мәслихатының алғашқы сессиясында бірінше кезекте хатшы сайланды.

Бұл орынға №49 округ бойынша жеңіске жеткен Қамытбек Айтөреев жайғасты. Сонымен қатар, тұрақты комиссиялардың құрамы бекітіліп, оның төрағалары да айқындалды.