Ontustik Invest-2016″ халықаралық форумы басталды

213
Оңтүстікте

Шымкентте «Ontustik Invest-2016» атты халықаралық инвестициялық форум басталып, соның аясында оңтүстікқазақстандық тауарөндірушілерінің көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатына өңір басшысы Б.Атамқұлов, Түркияның экономика вице-министрі Фатих Метин қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстікте "Ontustik Invest-2016" халықаралық форумы басталды

Аталған жиында сөз алған облыс әкім барша қатысушыларға алғысын білдіріп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы бизнеске қолайлы аймақ екенін айтқан Фатих Метин бүгінгі өткізіліп жатқан халықаралық форумның маңызын жеткізді. Көрмеге өңіріміздегі өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында өнім өндіретін 60-тан астам тауар өндірушілері қатысуда.

Оңтүстікте "Ontustik Invest-2016" халықаралық форумы басталды

Онда ұсынылған өнімдердің басым бөлігі индустриалдандыру бағдарламасының бірінші бес жылдығы шеңберінде іске қосылған зауыттарда өндіріледі. Соңғы бес жылда облыста 164 жоба жүзеге асты.

Оңтүстікте "Ontustik Invest-2016" халықаралық форумы басталды

Бұл республикадағы индустриалдандыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған жобалардың әрбір бесінші жобасы болып табылады. Бұдан бөлек көрмеде әлеуетті инвесторларға арналған 50-ге жуық инвестициялық жобалар ұсынылуда.

Оңтүстікте "Ontustik Invest-2016" халықаралық форумы басталды