Облыс прокуроры Ибрагим Иманов студенттермен кездесті

287
Ибрагим Иманов

Ибрагим ИмановОңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибрагим Иманов студенттермен кездесті. Ашық есік күнінде болашақ заңгерлер қадағалау органының қызметімен жіті танысты.

Иманов мырзаның айтуынша, соңғы кездері прокуратура органдарына қызметке тұрудың талаптары қатаңдаған. Сондықтан жастар білімге аса көңіл бөліп, теріс әдеттерден аулақ болуы тиіс.

Облыс прокуроры соңғы кездері қолға алынған орган қызметкерлерінің мас күйінде қоғамдық орындарға шығуға, смартфон ұстауға қатысты түрлі шекетулердің маңыздылығын түсіндірді. Айта кетейік, биыл облыста 350 түлек заңгер мамандығын алып шығады деп күтілуде.