Тоғыз адамды қаққан жүргізуші бұған дейін куәлігінен айрылған

139
Тоғыз адамды қаққан жүргізуші бұған дейін куәлігінен айрылған

Шымкентте тоғыз адамды қаққан жүргізуші бұған дейін куәлігінен айрылған болып шықты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тоғыз адамды қаққан жүргізуші бұған дейін куәлігінен айрылған

Темір тұлпарын тізігіндей алмай, тоғыз адамды соққан 19 жастағы жүргізуші қазіргі таңда қамауға алынды. Үстінен қылмыстық іс те қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен тергеушілер Ауди көлігін басқарған жігіттің жүргізуші куәлігі болмағанын анықтаған. Оны 2015 жылдың желтоқсан айында Шымкент қалалық мамандандырылған соты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жүргізу құқығынан айырған.

Бұл жігіт әкесінің машинасын мініп кеткен болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.