«Балалық шақтың бал күні». «Мадлен» кофеханалар желісі қаламыздың кішкентай тұрғындары үшін осындай тақырыптағы бағдарламасын ұсынды. Жоба аясында балалар көңіл көтеріп, тәттілерді тұтынып қана қойған жоқ, өздерінің замандасы Виолаға көмек қолын созды.
Мерекелік әсер «Мадленнің» кіре берісіне енгеннен-ақ байқалады. Бүлдіршіндер мұнда түрлі қызықты-танымдық ойындар ойнап, сауат арттыру сабақтарын өтті. Бұл жауапкершілік кофехананың мамандарына ғана емес, «Монтессори» мектебінің ұстаздарына жүктелген. Бастысы бұл бағдарлама балалардың көңілін аулап, бірауық сергуіне сеп болды.
Келесі көрініс кішкентай ханшайымдар мен ханзадалар үшін. Олар мұнда бет-жүзін мың көркем өрнекпен бояп, жасанып жатыр.
— Мен өте қуаныштымын. «Мадленге» әпкем және анаммен келдім, достарыммен әр түрлі ойыншықтармен ойнадық, сайыстарда көптеген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сыйлықтар алдым, — дейді Арина Новикова.
Қаланың кішкентай тұрғындары 1 маусым өз мерекесін арқа-жарқа атап өткенімен, «Мадлен» бүлдіршіндерді жәй күндері де ұмыт қалдырмайды.
Шырын Әділова, «Мадлен» компаниясының өкілі: «Бізде думанды шаралармен қатар қайырымдылық акциялары жиі өтеді. «Мадлен» ұсынған сапалы өнім — тағамдарымызды жәрмеңкеге қойып, түскен қаржыға мұқтаж жандарға үлестіреміз. Бұл -«Мадленнің» әркез тұтынушыларымен бірге екенінің дәлелі».
Мерекелік шараны «Мадлен» мен оның кішкентай меймандары жәй ұйымдастырған жоқ, қайырымдылық акциясы дертке шалдыққан Виола үшін еді. 3 жасар бүлдіршіннің жүрегі ауырады, енді оған шұғыл ота жасату қажет. Анасы науқас қызына көмек қолын созған баршаға алғысын жаудырды.
«Мадлен» кофеханалар желісінде балаларыңыз және Сіз үшін бар жағдай жасалған. Тіпті кішкентайлар үшін арнайы ас мәзірі де бар. Ал жексенбі күндері бүлдіршіндер үшін арнайы бағдарлама мен сайқымазақтың қойылымдары ұсынылады.