Жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлау деректері көбейеді. Мұны сала мамандары айтып отр. Сондықтан жауаптылар осындай қайғылы жағдайдалрдың алдын алу үшін тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын бастады.
Шымкентте жыл басынан бері үш бала терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың бірі мерт болды. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін мамандар көпқабатты тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтеншеліктер терезелерге арнайы қорғаныш құралдарын орнату қажеттігін ескертеді.
НҰРГЕЛДІ НҰРМАХАНҰЛЫ, АБАЙ АУДАНЫ ТЖБ ОФИЦЕРІ: «Москитті тор бұл қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Және арнайы қорғаныш құралын орнатуымыз қажет, москитті тор көтермейді негізі»
Шара барысында мамандар тұрғындарға балалар қауіпсіздігімен қатар, өрттің алдын алу мәселелері бойынша да кеңес берді. Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасылардың баспаналарына арнайы қорғаныш және қауіпсіздік құрылғылары орнатылды.
ҚАЛМҰРАТ ЖҮНІС, АБАЙ АУДАНЫНЫҢ БӨЛІМ ИНСПЕКТОРЫ: «Дендропарк тұрғын үй кешені өзі ТЖБ-на өтініш қалдырған екен. Сол өтінішіне сәйкес, осындай іс-шараны осы Дендропарк тұрғын үй кешенінде өткізіп жатырмыз. Көбінесе осы жазғы демалыс маусымында осындай оқыс оқиғалан көп болады. Соның алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара»
Мамандар түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді. Алайда баланың өмірі мен қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты екенін ұмытпау қажет екенін атап өтті.
Лаура Бабас






