Ұлттық бюро медицинадағы жемқорлық жайлы ақпарат таратты

394
Ұлттық бюро медицинадағы жемқорлық жайлы ақпарат таратты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оңтүстіктегі департаментінің мамандары өңірде бірнеше лауазымды тұлғаның құйтырқы әрекетін жария етті. Бұл жолы құрыққа денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің күнгейлік департаменті басшылары ілінген.

Ұлттық бюро медицинадағы жемқорлық жайлы ақпарат таратты

Шымкентте аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің басшылары ұсталды. Қазір облыстық департамент директорының орынбасары мен бөлім басшысы уақытша қамауға алынды. Олар мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекеме өкілдерінен кемшіліктерін көрсетпейміз деген желеумен 4 миллион теңгеден астам ақша жинаған. Ал бұл жолы 30 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталыпты.

Ұлттық бюро медицинадағы жемқорлық жайлы ақпарат таратты

Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өңірдегі департамент басшысының орынбасары заңсыз әрекетін өз еркімен мойындап, қыруар қаржыны қалтасына заңсыз басқаны анықталған. Сондай-ақ, бөлім басшысы да медициналық мекемелерден 20-30 мың теңгеден бастап, 1000 АҚШ доллорына дейін пара алғаны дәлелденіп отыр. Олар тағы бір жымысқы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда, құрыққа ілінген.

Ұлттық бюро медицинадағы жемқорлық жайлы ақпарат таратты

Тексеру барысында аталған мекеме басшысының да заңсыз сыйлықтар алғаны анықталған. Ол жұмыстан өз еркімен кетуге арыз жазды. Ұсталған екі күдіктіге қатысты лауазымды тұлғалардың үстінен алдын ала сөз байласып, пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің бұл заңсыз әрекеті 20 шілде күні әшкере болды. Кінәлары дәлелденсе, күдіктілер 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі таңда қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Гүлжан Байназарова