Шымкентте үш күндік «Tau Fest – 2016» фестивалі өтті

216

Шымкентте «Tau Fest – 2016» фестивалі өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен іс-шараны Шымкент қаласылық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды.

Шымкентте үш күндік Tau Fest - 2016 фестивалі өтті

 

Үш күндік фестивалдің алғашқы күні өзен бойында демалушылардан қалған қоқыстарды тазалау жұмыстары, экологиялық сенбілік шарасы өткізілді.

Шымкентте үш күндік Tau Fest - 2016 фестивалі өтті

Сонымен қатар Төле би ауданындағы «Бастау» демалыс аймағында «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында Шымкент қаласының туристік ұйымдары мен қонақ үйлерінің қызмет көрсету сапасын күшейту тақырыбында туризм саласының білгірлері семинар-тренинг оқыды.

Шымкентте үш күндік Tau Fest - 2016 фестивалі өтті

Тренинг барысында туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, кемінде үш тілде сөйлейтін гид-аудармашыларды дайындау, 2017 жылға жоспарланатын нақты іс-шаралар барысы талқыланды. Іс-шара соңында жарға өрмелеу, кедергілер жолынан өту, альпинистік жарыстар болды.

Шымкентте үш күндік Tau Fest - 2016 фестивалі өтті

Сайыс қорытындысында бірінші орынды Сайрам аудандық жас туристер станциясының «Жас қыран» тобы, жүлделі екінші орынды «Шымкент қаласының блогерлер» тобы, ал үшінші орынды Төле би ауданының жас туристер станциясының ұжымы иеленді. Айта кету керек, фестивальге 400-ден астам қатысушы жиналды.

Шымкентте үш күндік Tau Fest - 2016 фестивалі өтті

Tau Fest - 2016 фестивалі (1)