Боралдай шатқалындағы жәдігерге толы Тәтті бұлақ үңгірі…

609
Боралдай шатқалындағы жәдігерге толы Тәтті бұлақ үңгірі...

Алматылық археологтар олжаға кенелді. Боралдай шатқалындағы «Тәтті бұлақ» үңгірінен біздің эрамызға дейінгі 4 000 жылдықта қолданыста болған тарихи жәдігерлер табылды. Қазба жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері мен металл өнімдеріне қарап зерттеушілер түрлі болжамдар жасап отыр.

Боралдай шатқалындағы жәдігерге толы Тәтті бұлақ үңгірі...

Тарихи жәдігерлерге бай үңгірге барар жолды жүріп өту оңайға түспеді. Біздің түсірілім тобы жол талғамайтын көлікті пайдаланды. Зерттеушілердің бұл жұмысына тарихшылар көп үміт артып отыр.

Бәйдібек ауданы Боралдай тауларындағы «Тәтті бұлақ» үңгірінен алматылық археологтар жоғары полеолит және тас дәуірініне тиесілі құндылықтарды тапты. Табылған қазбалар сол кезеңдерде өмір сүрген адамдардың өмірінен хабар беріп, түрлі металдардан еңбек құрал-саймандарын жасауды меңгергенін көруге болады дейді мамандар.

Археология институтының қызметкері Александр Горячев бұл маңайдан тас дәуірінен қалған балқыту пешін тапты. Сарапшы жәдігерге қарап, өз болжамын жасады.

Ал тау қуысының бұл маңайынан археологтар адамдар мен жыртқыш аңдардың сүйектерін тауып алды. Бұл қазбалардың қай дәуірге тиесілі екені анықталып жатыр қазір. Жұмысқа кірісе салысымен олжаға кенелген археологтар мұндағы әрбір жәдігер тарих қатпарынан сыр шертеді дейді.

Байырғы тұрғындар Боралдай талай тарихты қойнауына жасырып жатқан жұмбақ әлем дейді. Айтуларынша, түнде мұнда кенеттен жарық пайда болады. Археологтар бұл құбылыс үңгірдің әктен немесе фосфордан тұратынын айтып болжап отыр. Зерттеушілер бұған келер жылы көз жеткіземіз деп отыр.