Шымкент қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тек ресми жұмыстар ғана емес, әлеуметтік желіден де хабардар екенін халық жақсы біледі. Шахар әкімі осыны өзінің депутаттар алдындағы есебінде тағы бір байқатты.
Әлеуметтік желіде қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы жұмыстан кетеді деген сыбысты жоққа шығарған Ғабидолла Рахматоллаұлы Данияр Мейірхан отставкаға кетпейді деп мәлімдеді.
Сонымен бірге шаһар басшысы Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметкерлеріне жақында ғана облыс басшысы 30 су жаңа автокөлік табыстағанын еске салды. Әкімнің айтуынша, полицейлердің техникалық базасын нығайтуда әлі де бірқатар жұмыстар атқарыла береді.