«Оңтүстік – достық мекені» керуені жолға шықты

249

Өңірімізде «Оңтүстік – достық мекені» керуені жолға шықты. Керуен Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған.

"Оңтүстік - достық мекені" керуені жолға шықты

Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді. Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.