Шымкент-Ташкент тасжолында тағы бір қайғылы жол апаты болды

379
Шымкент-Ташкент тасжолында тағы бір қайғылы жол апаты болды

Шымкент-Ташкент тасжолында тағы да жол апаты болды. Өкінішке қарай, тағы адамдар қайтыс болды. Мұнда Мерседес жеңіл көлігі мен Газель жүк көлігі соғысып қалған.

Нақтырақ айтқанда жолдың бойындағы«Акжол» шайханасының жанында тоқтап тұрған ГАЗель көлігіне Ташкент бағытында кетіп бара жатқан Мерседес  соқтығысады. Осындағы куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік тым жоғары жылдамдықпен келе жатқан болуы мүмкін.

Шымкент-Ташкент тасжолында тағы бір қайғылы жол апаты болды

Соның салдарынан тоқтап тұрған көлікке соқтығысып, Мерседестегі үш жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал жүргізушіні жедел жәрдем көлігі алып кетеді. Алайда, ауыр жарақат алған ол да ауруханаға барар жолда көз жұмған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмай, қатты мыжылып қалды. Ал Газель жүргізушісі аман, апат болған сәтте ол шәйхананың ішінде болған екен.

Алдын ала белгілі болғандай, Мерседес көлігінің иесі үйленгелі жатқан. Көлікте өзі және екі қарындасы мен жолдас жігіт отырған. Жастар өз тойларына бет алған екен. Қазір осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталды.

Ал бұған дейін тура осы жолда болған жол-көлік апаттарында жарақат алып, ауруханаға түскен адамдардың жағдайлары бір қалыпты. Дәрігерлер осылай дейді. Олар қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлімдерінде және облыстық клиникалық ауруханасының бөлімдерінде, травмотологиялық орталықта алып жатыр. Бір ғана адам үйіне шығарылған.

Естеріңізге салайық, 19 қыркүйек күні шағын автобус пен жеңіл көліктің қарсы келіп, соғысуынан 6 адам қаза тауып, 16 адам жарақаттанған. Ал күні кешегі апатта 2 адам көз жұмып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілген болатын.