ОҚО әкімі израильдік кәсіпкерлермен кездесті

340
ОҚО әкімі израильдік кәсіпкерлермен кездесті

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Израильден келген делегацияны қабылдады. Шетелдік қонақтарды «Ур Митрелли групп» компаниясының негізін қалаушысы және президенті Тайб Хаим бастап келген. Енді екі ел арасындағы іскерлік қарымқатынас ауыл шарушылығы, медицина және жоғары техноологиялар саласында дамымақ.

ОҚО әкімі израильдік кәсіпкерлермен кездесті

Жансейіт Қансейітұлы облыс әкімі қызметінде алғашқы қадірлі қонақтарын қабылдап отырғанын атап өтіп, израилдіктерді облыстың мүмкіндіктерімен таныстырды. Халқының саны жағынан республикада ең ірі облыстардың бірі саналатын өлкемізде бүгінде кәсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндік бар. Оған дәлел – қала, аудандарда қарқынды жұмыс істеп жатқан индустриалдық аймақтар. Аймақ басшысы қазақ-түрік индустриалдық аймағы сияқты болашақта израилдік кластер де қолға алынып, озық технологиялар мен тәжірибелер жүзеге асады деп атап өтті.

Жансейіт Түймебаев, ОҚО әкімі: «Мен жақында Израильде болдым. Маған сіздердің ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктеріңіз, әсіресе, тамшылатып суару әдісі өте ұнады. Бұл тәсілді біздің шаруалар тиімді қолданып келеді. Медициналық салада да әлемде алдыңғы қатардасыздар. ІТ, жоғары технология саласындағы тәжірибелеріңіз бізге аса қажет. Біздің мүмкіндіктерді өздеріңіз облыс орталығындағы индустриалдық аймақта, «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында болғанда байқадыңыздар. Ұсыныстарыңызбен біз де таныстық. Осында кездесуге шақырылған жауапты мамандармен іскерлік қарым-қатынас жайлы ақылдасып алыңыздар. Менің тарапымнан қандай да көмек қажет болса, қолдау көрсетуге дайынмын. Жұмыс барысы менің қадағалуымда болады.»

Өз кезегінде израильдік делегацияны бастап келген Тайб Хаим да жоспарларымен бөлісті. Ауқымды ұзақ мерзімді жобалармен жұмыс істейтін компанияның 20 жылдық тәжірибесі бар. Денсаулық сақтау, су, энергетика, білім, ауыл шрауашылығы мен телекоммуникация жобаларында бүгінде табысты жұмыс жасауда.

Тайб Хаим: «Мен таяуда облыстарыңызға жұмыс сапарымен келген болатынмын. Бұл жолы индустриалдық аймақтарда болдық. Сіздерді қызықтыратын салада бірге жұмыс жасауға дайынбыз. Бізді облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтары мен ауыл шаруашылығының дамуы қызықтыруда.»

Кездесу барысында Оңтүстікте жүзеге асатын ірі инвестициялық жобалар жайы да талқыланды. Израилдік кәсіпкерлердің жергілікті құрылымдармен байланысын «Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» жүзеге асырады.

Талғат Алпысбаев, «Шымкент» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасы: «Инвесторларға Шымкент қаласындағы онкологиялық орталық пен консультативтік-диагностикалық емханасының құрылысы, ақылды тұрақ, балық саласын дамытуға және Сарыағаш ауданында агропарк жоспары және сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстары ұсынылып отыр. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып отырып, басқарма басшыларынан израилдік кәсіпкерлерге қолдау көрсетулеріңізді өтінемін.»

Шетелдік меймандар жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Израиль арасындағы достық, іскерлік қарым-қатынастың нығаюына барлық күшімізді саламыз деп тарқасты.