Оңтүстікте туберкулез ауруына қарсы айлық басталды. Бұл шара аясында кез келген азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша өз емханаларында толық флюрографиялық және басқа да тексеруден тегін өте алады.
Айлық барысында емханалардағы фтизиатр мамандар дерттің алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Ауқымды іс-шара бүкіл әлемде 24 наурыз күні атап өтілетін дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында ұйымдастырылған. Статистикаға сүйенсек, өкпе құртымен ауыратын адамдар саны жыл сайын азайып келеді.