Шымкенттің 5000 тұрғыны қатысқан сайыс мәресіне жетті

Шымкенттің 5000 тұрғыны қатысқан сайыс мәресіне жетті

Мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақталып, балбөбек буынды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Ана тілі мен отбасы» атты байқау осы мақсатты көздейді. Шымкенттегі 45 бөбекжай қатысқан атаулы байқау 1,5 айға созылған. Енді сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатқа бөленді.

Қорытынды кешке  200-дей балбөбек жиналған. Қазақ оюларымен көмкерілген сән-салтанатты костюмдегі балақайлар атаулы кеште өнерлерін ортаға салды. Ұлттық нақыштағы өнегелі сайыс ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыста өзге этнос балаларының қатысуы айрықша ескерілген.

Шымкенттің 5000 тұрғыны қатысқан сайыс мәресіне жетті

 

 

 

 

Сайыс бес кезеңнен тұрады: қазақ ертегілері, ырым-тыйымдар, салт-дәстүр, мақал-мәтел және ән, би орындап, өнерлерін ортаға салу. Сайланған қазылар алқасы 1,5 ай көлемінде балабақшаларды аралап, баға берген. Бүлдіршіндермен бірге ата-ана, әжелері де қатысқанын айту керек.

Шымкенттің 5000 тұрғыны қатысқан сайыс мәресіне жетті

 

Өткен жылғы байқаулардан ерекшелігі – биыл қатысушылардың саны 10 балабақшаға артып отыр. Сонымен, байқаудың бас жүлдесі №57 Хадиша балабақшасына бұйырды. Ал 1-орынды Жеңіс, Әсел бөбекжайлары өзара бөлісті. Жүлделі 2 және 3-орындар 9 балабақшаға үлестірілген.

Жүлдегерлерге сәбидің ойлау қабілетін дамытатын түрлі ойын құрылғылары табысталды. Ал олармен бірге жарысқа түсіп, сайыстың жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды. Ұлт мерейін асыратын аталмыш байқау алда да жалғасын таба бермек.