Шымкентте қосымша дыбыс бағдаршамдары орнатылады

542
Шымкентте қосымша дыбыс бағдаршамдары орнатылады

Шымкентте қосымша дыбыс бағдаршамдары орнатылады. Осылайша қалада көзі нашар көретін жандарды қолдау жобасы ары қарай жалғасады. Қазіргі таңда қаланың 20 көше қиылысында осындай 40 бағдаршам жұмыс істеп тұр. Оның ерекшелігі – қай көшенің қиылысында бағдаршамның жасыл белгісі жанғанын дыбыстап хабарлайды.

Ал шенеуніктердің айтуынша, Шымкентте 109 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Енді алдағы уақытта мұндай бағдаршамдарды басқа да көшелерге орнату жоспарлануда. Мұнымен қоса биыл облыс орталығында 17 бағдаршам, ақпараттық 10 көрсеткіш, 1600 жарық шағылыстырғыш орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған 30 жолақ сызылмақ.