Оңтүстікте өткен мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестациясының нәтижесі көңіл толтырарлық. Бұл жөнінде тілшілермен кездескен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшілері айтып берді. Ведомство басшысының айтуынша, кешенді тестілеуге қатысқан 8700 мемлекеттік қызметшінің 6500-і сынақтан өте алған. Бұған қоса түрлі дәрежедегі шенеуніктердің үштен екі бөлігі тиімді деген баға алып, төрттікке бағаланып отыр. Әр төртінші сынақ тапсырушының жауабы өте жақсы деп есептелген.
Айта кету керек, аттестация кезінде үлкен жауапкершілік облыс әкімдігі мен мемлекеттік кірістер департаментіне түскен. Себебі, сынақ тапсырғандардың арасында осы ведомство қызметкерлері көп болды.