Назарбаев зияткерлік мектебі мұғалімдерге байқау жариялайды

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде бос қызмет орындарының байқауы жарияланды.

Байқау 2017 жылдың 12-13 маусымы күндері өткізіледі.

Байқау үш бөлімнен тұрады, бірінші бөлім – тестілеу, екінші бөлім – шығармашылық, үшінші бөлім – сұхбаттасу.

Қажетті мамандар:

Қазақ тіліндегі өнер пәнінің мұғалімі;

Қазақ және орыс тілді математика пәнінің мұғалімдері,

Қазақ және орыс тілді химия пәнінің мұғалімдері;

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;

Орыс тілді биология пәнінің мұғалімдері;

Қазақ тілді тарих пәнінің мұғалімі;

Орыс тілі пәнінің мұғалімі;

Педагог-ұйымдастырушы-куратор;

Педагог-психолог;

Химия лаборанты;

Тіс-дәрігері;

Мейірбике.

Баспасөз хатшысы;

Байқауға қатысу үшін жеке төлқұжат, нотариалдық расталған құжат көшірмесі, еңбек жолы немесе басқа заңнамалық орнатылған тәртіпте, суреті бар түйіндеме, кәсіби білім мен біліктілікті растайтын құжаттар, 1 дана 3х4 фото, Қазақстан заңнамасымен бекітілген медициналық анықтама.

Құжаттарды жіберу мен кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз: Шымкент қаласы, Ақжайық ш/а., Элиталы қалашық, №6 құрылыс.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы ала аласыз: Шымкент қаласы бойынша – 8 (7252) 29-30-06, 29-44-88 немесе мына электронды поштаға түйіндеме жіберуіңізге болады: info@fsmh.nis.edu. kz.