ДАИШ-қа қосылмақ болған Сайрамның тұрғыны сотталуда

173
ДАИШ-қа қосылмақ болған Сайрамның тұрғыны сотталуда

Сайрам ауданында дін деп жүріп адасқан азаматтың соты басталды. 27 жастағы жігіт шетел асып, Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ тобына қосылмақ болды дейді тергеушілер.

Ашық сот процесі болғанымен, сот үкімі шыққанша сотталушының аты-жөнін атап, түр-әлпетін көрсетпеуімізді өтінді. Істі ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тергеп-тексерген. Айыпталушы азамат «В контакте» әлеуметтік желісінде таяу шығыстағы экстремистік топтарды қолдау туралы ақпараттарды таратып келген.

Айыпталушының төрт бірдей бүлдіршін баласы бар. Жұбайы бесіншіне жүкті. Бір айта кетерлігі, сотталушының әкесі де дәл осыған ұқсас қылмыспен жазасын өтеп жатыр. Сот процесі әлі де жалғасуда.

Жанар Есенбекова