Шымкентте «Шубамания» көрмесі жалғасуда

423
Шымкентте

Мол таңдау, жоғары сапа. Әрі бөліп төлеу немесе несиге рәсімдеу. Мұның барлығы «Шубамания» дүкенінде. Қыс маусымына дайындықты бастап кеткен сәнқой қыз-келіншектер үшін керемет мүмкіндік. Шымкентте таза былғарыдан тігілген ішіктер мен бас киімдердің, қолғаптардың сан түрін ұсынған көрме өтуде.

Қыркүйек – жас жұбайлардың бас қосып, той қызығы қызатын уақыт. Сондықтан қалыңдық жасауында болатын және сыйлы қонақтарға жабатын сапалы әрі сәнді ішіктер мен тондар әрдайым сұранысқа ие. Ал бұл ретте «Шубамания» көрмесі ұсынатын тондарды несиеге және бөліп төлеу мүмкіндігі үлкен көмек болмақ. Итальяндық дизайн, ресейлік сапа. Ресейлік ішіктер фабрикасының талантты шеберлері әр келушінің талап-тілегін ескере отырып, бағалы әрі қайталанбас үлгідегі дүниелерді ұсынуда.

Татьяна Керьянова, Пятигорск тондар фабрикасының өкілі: «Көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Бізде таңдау көп. Сонымен қатар ер-азаматтар үшін де тосынсыйымыз көп. Аң терісінен, яғни, елтірі, мутон, қаракүзен, сусар терісінен тігілген тондар бар. бағалары да қолжетімді.»

Таза аң терісінен тігілген ішіктер, кеудешелер мен бас киімдер, қолғаптар әрдайым жоғары бағаланған. Сәнді киініп әрі сапасына мән беретін жастар үшін ол бұйымдардың бағасы да маңызды. Мұны ескерген Айгерім таңдауын бірден жасады – сәнді кеудеше сатып алды.

Айта өтейік, көрмеден барлық жас ерекшелікке сай, орта, егде жастағы жандарға, сонымен қатар ер азаматтарға да қажетті сырт киімдерді табуға болады. Тамаша таңдау мен қайталанбас үлгідегі сапалы дүниеге қол жеткізгіңіз келсе, Әл Фараби сауда үйі жанындағы көрме орталығына асыңыз. Көрме демалыссыз, таңғы сағат 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін есік ашық.

Махаббат Әбдешова