Кентаудың өз футбол мектебі бар

449

Кентау қаласында футбол мектебі ашылды. Онда қала жастары мен жасөспірімдері футболдың түрлі тәсілдерін үйреніп, кәсіби футболшы болуға мүмкіндік жасалды. Салтанатты жиынға қатысқан көпшілік жасөспірімдер арасында өткен турнирді тамашалады.

Онда финалға шыққан Кентау қаласы мен Қазығұрт ауданының жеткіншектері тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде қазығұрттықтар пенальти тебуден кентаулықтардың қақпасына 2 доп салып жеңімпаз атанды.

Іс-шарада Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев жаңадан жұмысын бастап отырған ұжымның еңбегіне үлкен жеміс тіледі. Жеңімпаз командаларға кубок пен арнайы медальдарды табыс етті.