Мектеп құрылысын кешіктіргендер жауапқа тартылады

267
Мектеп құрылысын кешіктіргендер жауапқа тартылады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 364 үй салынуда. Бұл туралы селекторлық мәсіжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы негізгі 5 бағытта жүзеге асырылып жатыр. Оның алғашқысы – ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру жобасымен 96 тұрғын үйдің құрылыс басталған. Ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 үй салынуда. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесі арқылы 73 кредиттік үй салынуда. Бұдан бөлек жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылып, 88 жеке үйдің құрылысы қолға алынатын болады. Осының нәтижесінде өңірде сатылатын пәтерлер саны көбейіп, ипотекалық кредит алушылар саны арта түспек.

Мектеп құрылысын кешіктіргендер жауапқа тартылады

– 2017 жылы облыста 16 жеке салушы есебінен көпқабатты 107 үйлердің құрылысы жүргізілуде. Биыл 11 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланса, 96 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі. Жеке құрылыс салушыларды ынталандыру мақсатында жалпы құны 17,5 млрд теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда, – дейді Құттыбек Жамашеев.

Жиын барысында облысымызда құрылыс жұмыстары кестеден кешеуілдеп жатқан мектептердің де жайы сөз болды. Бұл ретте Шымкент қаласындағы Таскен тұрғын алабындағы №103 орта мектепке 600 орынды жаңа оқу блогын салу бойынша қаржы жоспарға сәйкес 100 пайыз игерілген. Алайда, Б корпусының құрылысында 10-15 күн өндірістік кестеден кешігу байқалады.

Сонымен қатар орындалған жұмыс көлемінің жоқ болуына байланысты есепті кезеңге жоспарланған 650 млн теңгенің 66 млн теңгесі игерілмеген. Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір елдімекеніндегі 300 орынды орта мектептің А блогының құрылысы бекітілген өндірістік кестеден 5-10 күн шамасында кешігуде. Дәл осындай кемшілік Мақтаарал ауданы Фердауси ауылындағы Фердауси атындағы 600 орынды мектеп пен Ордабасы ауданы Шұбар су ауылындағы 600 орынды білім ұясының құрылысында да қайталанып отыр.

– Мектеп құрылысын кестеден кешеуілдеткендер жауапқа тартылады. Осы ретте құрылысы жұмыс кестесінен кешеуілдеп жатқан мектептердің құрылысының уақтылы және сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтуді, жыл қорытындысымен биылға жоспарланған жұмыстарды толық орындау арқылы, қаражыларды тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлер мен ұлттық қор қаржысы есебінен бой көтеріп жатқан мектептердің құрылысын мерзімінде аяқтауды қадағалауды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі