Оңтүстіктегі жедел жәрдем қызметін шетелдіктер басқарады

212

Жедел жәрдем қызметін енді шетелдік компания басқарады. Осының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел жәрдем қызметінің кешігу проблемасы шешілмек. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев тілшілермен өткен брифингте мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Түркияның инвесторы келесі жылы қаржы құйып, шұғыл жәрдемге 80 жаңа көлік сатып алады. Нәтижесінде бұл қызмет бірыңғай жүйеге көшпек.

Баспасөз мәсхилатында, сондай-ақ, облыстағы медицина саласындағы өзге де жетістіктер сөз болды.