2026 жылғы 11 ақпан күні сағат 21:55-те «103» жедел жәрдем қызметінің пультіне шұғыл шақырту түскен. Қоңырау шалған ер адам 16 жастағы қыздың ваннада шомылып жатып есінен танып қалғанын хабарлаған.
Шақыртуды қабылдаған диспетчер Мырзалиева Кулайм жағдайдың қауіпті екенін бірден анықтап, жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін телефон арқылы алғашқы көмек көрсету алгоритмін түсіндірген. Оның нұсқаулығымен жақындары науқасты басқа бөлмеге шығарып, есік-терезелерді ашып, қажетті алғашқы шараларды орындаған.
Оқиға орнына жедел жеткен №80 бригада көмірқышқыл газ компоненттерінен уланған жасөспірімді шұғыл түрде гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Қазіргі таңда науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Көп жылдық тәжірибесі бар диспетчер Мырзалиева Кулайм Жасақовна – өз ісінің білікті маманы. Оның кәсіби әрекеті жедел медициналық қызметте уақытылы әрі дұрыс бағыт берудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.







