Сайлау додасы: кімнің бағы жанбақ?

452

Жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер екі күннен кейін үгіт насихат жұмыстарын бастайды. Оларды тіркеудің бүгін соңғы күні, ертең, 3-ші қазанда үміткерлер саны айқын болады. Әзірге 42 үміткер тіркеліп, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлау додасына қатысуға ниет білдірген.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша ресми тіркелгендерінің саны әзірге бесеу. Олардың арасында облыстық мәслихатқа төрт округ бойынша-25, қалалық мәслихатқа 2 округте Шымкентте №22 және Түркістан қаласындағы №7-ші окургтен 14, аудандық мәслихатқа Сарыағаш ауданындағы №22 округтен 3 үміткер ұсынылған. Ең жас үміткер Шымкент қаласының тұрғыны Жанғали Темірбаев. Ол — 21 жаста.

Түрлі деңгейдегі мәслихаттарда босаған депутаттардың орындарына тоқталсақ. №11 облыстық округте облыс мәслихатының депутаты болған Мұхан Егізбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасына ауысқан, №35 облыстық округ бойынша Руслан Омаров мемлекеттік қызметте, Қайтыс болған Қамытбек Айтөреев, Ерқанат Тәнірбергенов, Абай Жүзеновтің орындары №49 облыстық ,№7 қалалық ,№22 аудандық округтерде босады. Облыс мәслихатының шешімімен «Ақ жол» демократиялық партиясымен ұсынылған Амангелді Сопбековтың орны №50 облыстық округте босады. Сонымен қатар №22 округ бойынша қалалық мәслихатың депутаты болған Нұржан Жүсіпов мемлекеттік қызметке өтті. 29 қазанда өтетін сайлаудың ережелірінде ерекшелік күтілуде.

Төрағаның мәлдімдеуінше барлық сайлау комиссиялары методикалық нұсқаулықтармен толық қамтылған және сайлау науқаны барысында олармен байланыс орнатылған. Естеріңізге сала кетейік, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына сайлау осы айдың соңғы жексенбісі 29 қазанда өтеді.