Шымкенттің автобусы Ресейде пойызбен соғысты

413
Шымкенттің автобусы Ресейде пойызбен соғысты
Фото: //lenta.ru

Ресейдің Владимир облысында жол апатына ұшырап, пойызбен соғысқан автобустың мемлекеттік нөмірі Шымкентке тиесілі. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі хабарлады деп жазады informburo.kz.

Владимир облыстық төтенше жағдай комитетінің мәліметтеріне қарағанда UDA668 13 тіркеу нөмірі бар Мерседес автобусы осы облыста ірі жол апатына ұшырады.

Апаттың кесірінен 15 адам мерт болып, 5 адам ауруханаға жеткізілген. Автобустың ішінде барлығы 55 адам болған деп хабарлады еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов. Жарақат алғандар қазіргі таңда Петушин аудандық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Ресейлік тәртіп сақшыларының айтуынша, жол апатына автобус жүргізушісінің жол жүру ережесін бұзуы себеп болған. 6 қазан түнгі сағат 03:29-да Владимир облысындағы «Покров» теміржол станциясында автобус тыйым салынған белгіге қарамастан теміржолға шығып кеткен. Пойыз машинисті тежегішті шұғыл басқанымен толық тоқтай алмай, автобусты келіп соғады. Қазір қайғылы жағдайдың толық себеп-салдары тексерілуде.