Úı ANONS «Жұдырықтайды»: Автобус жүргізушілері тағы көзге түсті

«Жұдырықтайды»: Автобус жүргізушілері тағы көзге түсті

Шымкентте №42 бағыттағы автобус жүргізушісінің қатысуымен болған жанжал туралы видео әлеуметтік желіге тарады. Даудың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Шымкентте автобус жүргізушісі мен жеңіл көлік егесінің ерегісіп, бірінің көлігін бірі сүйрегеніне көп өтпей өзге жүргізушілердің сөзге келіп қалған видеосы тағы тарап кетті. Бұл видеодан да жүргізушілердің жанжалдасқаны байқалады. Оқиға №42 бағыттағы жүргізушінің қатысуымен болған.

«Сізді жазамыз әкімдікке. Жүргізушіге тиіскенің үшін. Ана машинаны видеоға түсіріп алыңдар, балалар».

Әзірге даудың неден, қалай туғаны белгісіз. Ал куәлердің сөзінше, екеуі жолға таласқан. Жеңіл көлік жүргізушісі автобус жүргізушісін ұрған. Тартыс кезінде кей жолаушылар оларды ажыратып, қалғаны автобустың ішінде күтіп отырған. Оқиғаға қатысты екі тараптан да арыз-шағым түспеген. «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы Дархан Қаюпов жанжалдың себебі тексеріліп жатыр дейді.

ДАРХАН ҚАЮПОВ, «ЮЖАВТОТРАНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Неге төбелес болады? Мысалы, жүргізуші жеке азамат. Екеуінің әрқайсысының құқығы бар. Анау дейді, мынау дейді. Мен өз жүргізушімді қорғамаймын. Онымен жігіттер айналысып жатыр. Ол жерде екіжақтама болуы мүмкін. Біреуі жол бермейді. Бірі асығады. Мынаның кестесі бар. Оңа жауып қояды. Міне, әңгіме қайда жатыр».

Дархан Қаюповтың айтуынша, автобус жүргізушілердің жұмыс орны. Олардың құқығы, қауіпсіздігі заңмен қорғалады. Мұны дұрыс түсінбеген кей жолаушылар дөрекі сөйлеп, артық әңгіме айтады екен. Арасында жұдырық ала жүгіретіндер де бар дейді.

ДАРХАН ҚАЮПОВ, «ЮЖАВТОТРАНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Сол кезде не істеуіміз керек? Полиция 10-15 минутта келе ме, белгісіз. Сол кезде не істеу керек? Бізде былтыр мұндай жағдай 1 рет болды. Айтатыным бір-ақ нәрсе. Қала тұрғындарына, жолаушыларға кірген кезде әркім өз мәдениетін сақтау керек».

Шымкентте күніне мыңға жуық автобус жүргізушісі жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың әрбір іс-әрекеті арнайы мамандар қашықтан бақылап, баға береді. Кінә жүргізушіден болса жазаланады.

Айта кетейік, кеше ғана А.Байтұрсынов көшесіндегі «Спорт» аялдамасында жеңіл көлікті қасақана қаққан №17 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмыстан шығарылғаны хабарланған еді.

Дилара Иса