Түркістанда мешіт тонаған адам ұсталды

363

Түркістан қаласындағы полицейлер мешіт тонаған азаматты ұстады. Биылғы қыркүйек айында 23 жастағы қала тұрғыны ішкі істер бөліміне мешіттің ішінен тұрмыстық техникалық заттарды ұрлап кеткені туралы арызданған болатын.

Жедел іздестіру барысында полицейлер Сарыағаш ауданының бұрын сотты болған 36 жастағы тұрғынын құрықтаған. Күдікті ер кісі дәл сол күні тағы екі ұрлық іс жасаған деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Құзырлы орган өкілдері күдікті азаматтың сегіз ұрлық ісіне қатысы бар екендігін анықтаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеге жуық. Қазір осы іске байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.