2017 жылдың 27-28 қарашасы күндері ОҚО ішкі істер департаментінің базасында штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Арнайы операцияның негізгі мақсаты ішкі істер органдары дайындығы мен қабілеттілік деңгейін арттыру болып табылады.
Оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс туындаған орындарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқық қорғау органдары күштерін жөнелту мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр.
Оқу-жаттығу барысында:
-Күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
-Мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету;
-Ведомстволық байланыс құралдарының және өзара байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
-Әртүрлі қойылған тапсырмаларды орындаудағы мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексеріледі.
Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-әрекеті пысықталады.
ОҚО ішкі істер департаменті қала тұрғындарынан осы оқу-жаттығу іс-шарасына түсіністікпен қарауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.