«Рухани жаңғыру. Береке басы — бірлік»

844
"Рухани жаңғыру. Береке басы - бірлік"

«Рухани жаңғыру. Береке басы — бірлік». Осы тақырып аясында бас қосқан өңір зиялылары облыс әкімі Жансейт Түймебаевпен кездесті. Келелі кездесу аясында қоғам болып келер ұрпақты есті етіп тәрбиелеу мәселесі көтерілді. Ал жаңғыруды өзіңнен баста деген ел ағалары өздеріне тиесілі міндеттің жүгі ауыр екенін айтысты.

«Жаңғыруды өзіңнен баста». Кездесуде жиналғандардың басты ұраны осындай болды. Зиялылардың алдында сөз алған өңір басшысы әр азаматтың санасын жаңғырту арқылы өз ісіне, туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруда ардагерлердің үлесі мол екенін атап өтті. Жасы келсе де қоғамдық өмірден шет қалмаған ел ағалары елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған бағыттардан бағдар жасауды көздейді.

"Рухани жаңғыру. Береке басы - бірлік"

«Рухани жаңғыру. Береке басы — бірлік» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға өңіріміздің бетке тұтар, халықтың арасында беделі бар аға буын өкілдері арнайы шақырылған. Әрқайсысының өміржолы, тәжірибесі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге. Сондықтан рухани жаңғыруды баршамыз қолдап, ондағы бағыттар бойынша жұмысқа кіріссек, тұрмысымыз жақсаратыны анық деп есептейді аға буын.

Рухани жаңғыру ұлттық құндылықтарымызды, тарихи мәдени мұраларымызды сақтап келешек ұрпаққа жеткізу. Алдыңғы толқын ағалардың міндеті де, мақсаты да — осы.

Шынар Оразова