Байқауда үздік атанған БАҚ өкілдері марапатталды

216

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен рухани өмірінің белсенділігін арттыру мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы БАҚ маңызы» атты шығармашылық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы БАҚ маңызы» атты шығармашылық байқауында 1- орынды әріптесіміз, «Оңтүстк Рабат» газетінің тілшісі Айжан Ермекқызы иеленді.

Айжан Ермекқызы, журналист

Жеңімпаз «бұл марапат -менің ғана емес «Отырар» медиахолдингі ұжымының жеңісі» дейді.

Жанерке Хұмар, журналист

Байқауға қатысқан тағы бір әріптесіміз Жанерке Хумар да ерекше ықыласқа ие болды. Жас журналистің алар белестері әлі алда. Үздіктердің қатарында арнамыздың операторы Ерлан Бексаидов та көрінді.

Ерлан Бексаидов, оператор

Шымкент қаласының әлеуметтік- экономикалық дамуы мен рухани белсенділігін арттыру мақсатында БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған байқауда «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» материалын ұсынған әріптесіміз Анастасия Новикова үздік атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

Анастасия Новикова, тілші

Анастасия Новикова, Отырар телеарнасының тілшісі: «Байқауға бір күн қалғанда материалымды тапсырдым. Бас жүлдені ұтып алдым. Ұжымымды мақтан етемін. Өйткені телеарнаның жұмысы ұжымдық еңбек. Оператор, монтажер, үйлестіруші, көлік жүргізушісі және де шығарушы редакторлардың да еңбегін атап өткен жөн. Бұгін үздік атанған әріптестерімді де құттықтаймын. Олар құрметке лайық. Өйткені біз біріккенде ешкім бізді ажырата алмайтын алып күшпіз. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен».

«Үздік  телеарнадағы бағдарлама», «Үздік  фотосурет», «Үздік баспа» сынды бірнеше жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылды. «Элитар» ұжымының әзірлеген Шымкент жайлы бейнематриалы әділқазылардың көңілінен шығып үздік атанды.

Шынар Оразова