Мақтаарал аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен Атакент кентінде «Мақтаарал» эканомикалық агробизнес колледжінде студенттерімен кездесу тті. Жиынға аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Есенбеков, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Исаев, аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Сәрсенбаев, аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы А.Есенбеков, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова және аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы М.Бейсенбаев қатысты.
Еркін форматта өткен жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау және түсіндіру, сонымен бірге оны жүзеге асыру, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында сананы жаңғырту жайы кеңінен сөз болды.
Кездесудің басты мақсаты – мақалада айтылған тұжырымдамалардың нақты іске асырудағы бастамаларды талқылау, жүзеге асырудың ұтымды жолдарын іздестіру. Іс-шара барысында Елбасының ой толғауы, рухани жаңғыру жөніндегі ұсыныстары бірінші кезекте жас ұрпаққа арналғаны туралы айтылды.
— Тұрақтылық пен даму, татулық пен достық – бәрімізге ортақ қастерлі құндылықтар. Әрі, Тәуелсіздігіміздің басты тірегі. Елімізде жүргізілген дұрыс саясаттың арқасында бірлігі жарасқан, берекелі елде ғұмыр кешіп жатырмыз. Тыныштығы бұзылған елдерде не болып жатқанын өздеріңіз біліп отырсыздар. Ғасырлар бойы қол жеткізген жетістіктері әп-сәтте күл-талқан болып, қаншама адамдар опат болуда. Сондықтан, біртұтас халық болып, берекелі ғұмыр кешудің үлкен бақыт екенін ұмытпауымыз тиіс. Жастар осы жолды табанды түрде жалғастырып, көздің қарашығындай қорғауы керек, — дейді аудандық Қоғамдық келісім мекемесінің басшысы АЕсенбеков.
Кездесу барысында «Тұрақтылық — тұғырымыз» тақырыбында дайындалған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, жастар жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлік, дін мәселелеріне қатысы өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдардын қойып, сала мамандарынан тұшымды жауаптар алды.