2018 жылы облыстық құрылыс және аудан-қала әкімдіктері тапсырыс берген 233 инвестициялық жобаның іске асырылуына 66,2 млрд теңге қаралған. Бүгінде сол нысандардың 115-і тапсырылса, 118 нысан келер жылға өтпелі. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары хабарлайды.
Нақты айтқанда әлеуметтік сала бойынша өңірде 134 нысан салынуда. Оның ішінде 82-сі жаңа білім беру ұйымының ғимараты болса, 39 денсаулық сақтау, 7-і мәдениет және спорт, ал 6 нысан өзге де құрылыстар.
Сала мамандарының айтуынша, жоғарыда аталған білім ошақтарының 79-ы жаңа мектеп, ал қалған 3-і кәсіптік білім беру ұйымдары. Осы нысандардың 27-нің құрылысы өткен жылы басталған екен.
Құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен республикалық, облыстық бюджет қаржысынан жүргізілген білім нысандарының 32-сі биыл ел игілігіне берілсе, қалған 50 білім беру ғимараты келер жылы тапсырлады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар облыста денсаулық сақтау саласында 39 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 34 нысан пайдалануға берілді. Қалған 4 емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы 2018 жылға өтпелі.
Ал мәдениет саласында 4 нысан салынып, Сарыағаш пен Бәйдібек ауданында мәдениет ошақтары тапсырылса, қалған екі нысан құрылысы келер жылы ел игілігіне ұсынылады. Сондай-ақ, спорт саласында облыстық бюджеттен салынған үш нысан құрылысы келер жылы тапсырлады.
Бұдан бөлек Түркістан қаласындағы Қарашық өзеніндегі шағын су қоймасының құрылысы берілсе, Отырар ауданындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру мен Шымкент қаласының бұрыңғы қоқыс полигоны аумағында саябақ салу, Түркістан қаласындағы мұрағат ғимараты мен ішкі істер органдарының нысандары салынып, келер жылы тапсырлады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы 18,4 га жер теліміндегі қоқыс қалдықтарын тастау орнын рекультивациялау арқылы қайта құру құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Қорыта айтқанда биыл облыста 32 мектеп пен 34 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет үйі мен өзге де 2 нысан пайдалануға берілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі