Әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді

37

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады.

Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады.

Мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-уы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.

Бұдан бөлек, Шымкент қалалық Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Жарқынбеков №17, Бәйдібек би №246, Мангельдин 40, Отырар №52 көп қабатты тұрғын үй аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш көшелерінде, Ақтас және Арғымақ елді мекендерінде құрылыс жұмысы қарқын алды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 366 ойын алаңшасы бар. 2023 жылдың қорытындысымен, Тұран ауданында барлығы 10 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, Абай ауданына қарасты Ақниет шағынауданының аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған.

Айта кетейік, Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің қазір 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде.