Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

834
Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Шымкенттегі Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында 1 желтоқсан — Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған мыңға жуық адам қатысты.

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алдымен Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратының фойесінде ұйымдастырылған «Елбасы жолдауы жылнамасы» атты фото және кітап көрмесін аралап көрді.

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Мұнан соң өңір басшысы  Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері ұйымдастырған «Біз Елбасымен біргеміз» атты флешмобын тамашалады.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнайы дайындалған бейнебаянның көрсетілімімен басталды. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы жиналғандарды атаулы мерекемен құттықтап, 16 азаматты алғыс хатпен марапаттады.

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

— Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл — барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпы халықтық мерекеге айналған күн. Бүгін Президентіміздің абыройлы сыртқы саясатының нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстан 70-тен астам халықаралық, аймақтық және  ведомствоаралық ұйымға мүше болып отыр. Сеніммен тапсырылған ірі халықаралық ұйымдардың төрағалығын атқырып, маңызды іс-шараларды үлкен деңгейде жүзеге асыруда — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Бүгінде облыс халқы бірлік пен ынтымақтың, ұлтаралық және ұлтішілік татулықтың нәтижесінде Тұңғыш Президентіміздің «Қазақстан — 2050» стратегиясының, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының талаптары мен міндеттерін орындауда нақты табыстарға қол жеткізуде.

Оңтүстікте Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру», яғни қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін жүзеге асыруға оңтүстікқазақстандықтар да өз үлестерін қосуда. Бүгінгі күнге кәсіпкерлер мен демеушілер тарапынан жалпы сомасы 30 млрд 350 млн теңгені құрайтын 529 өңірлік жоба қолға алынды. 

Салтанатты жиын барысында «Шаттық», «Шамсинұр» би ансамбльдері «Рухани жаңғыру» хореографиялық композициясын орындады. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері «Елбасы – елдің тұтқасы», Елбасының сүйіп тыңдайтын әндерінен попури орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Жиын барысында ұлт көсемі Н.Ә.Назарбаевтың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінен үзінді көрсетілді. Ал Арыс қаласындағы әскери гарнизонының хор ұжымы «Нұр аға» әнін орындады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі