«Отырар» медиахолдингінің директоры Валентина Куликова үкіметтік марапатқа ие болды

381
"Отырар" медиахолдингінің директоры Валентина Куликова үкіметтік марапатқа ие болды

«Отырар» медиахолдингінің директоры Валентина Куликова үкіметтік марапатқа ие болды. 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай ҚР Президентінің жарлығымен елімізге еңбегі сіңген бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.

Олардың арасында «Отырар» медиахолдингінің директоры да бар. Редакция басшысы Куликова Валентина Куприяновна ІІ дәрежеді «Достық» орденінің иегері атанды. Валентина Куприяновнамен бірге бұл тізімде Орталық Азия университетінің президенті Ж.Алиев, «Жібек жолы» баспа үйінің директоры Б.Қанапиянов, «Рокос компаниялар тобының бас директоры А.Ни және басқа да азаматтар бар.