Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

504
Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Оңтүстік Қазақстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты салтанатты шара өтті. Шымкенттегі «Көрме» орталығында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, саяси партия филиалдарының жетекшілері мен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, түрлі сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері, жалпы саны 1 мыңнан астам адам қатысты.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Салтанатты думанда сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың ұлық мерекесімен құттықтап, тәуелсіздік ұғымына кеңінен тоқталды.

– Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке, – деді облыс әкімі. – Тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлшегі ретінде Тәуелсіз ел атану тек биік мәртебе ғана емес. Сонымен қатар, орасан зор жауапкершілік жүгін артатындығын да біз жақсы түсінеміз.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Бұдан соң аймақ басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды. Атап айтқанда, өңіріміздегі 42 азамат «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды. Сонымен бірге, аймағымыздағы білім беру (50 жолдама), денсаулық сақтау (50 жолдама) және мәдениет (10 жолдама) саласының қызметкерлері – жалпы саны 110 адамға Түркияға барып, тәжірибе алмасу үшін облыс әкімінің жолдамасы тапсырылды.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Салтанатты шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке «Қазақстан мен Түркия достығын және ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» медалін табыстады.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Өз кезегінде барша Оңтүстік жұртшылығын егемендіктің мерейлі тойымен құттықтап, алдағы уақытта да осынау қастерлі мерекені мәңгілікке сақтауға шақырған Асқар Исабекұлы еліміздің барлық салаларда жеткен жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, республикамыздың осынау даму белесінде Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі орасан екенін жеткізді.

– Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуда толағай табыстарға жетті, – деді А.Мырзахметов. – Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы мерзім ішінде әлеуметтік саладағы жұмыссыздық деңгейі 3 есеге қысқарып, халықтың жан басына шаққандағы кірісі 10 есеге ұлғайды. Жалпы ішкі өнім көлемі 300 АҚШ долларынан 11 мың АҚШ долларына жетіп, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін жетіп отыр.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Мерекелік думан барысы «Тәуелсіздік – тұғырым» театрландырылған сазды-хореографиялық қойылымымен жалғасып, «Айбары мықты Қазақстан!», «Нұрын шашқан – Оңтүстік», «Әсем қала – Астана», «Ел бірлігі – Тәуелсіздік тірегі» және «Бірлігі жарасқан – мәңгілік ел» сазды-хореографиялық қойылымдарына ұласты. Мерекеде түркиялық композитор, әнші, бүгінгі салтанатты іс-шараның қонағы Орхан Чакмактың орындауында «Нұрсұлтан Назарбаев» әні мен Б.Оралұлының «Қазақ елі осындай», А.Асановтың «Мәңгілік ел үшін» әндері орындалды.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Мерекелік шараның қорытынды сәтінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ықылас гүлі тапсырылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шын мәніндегі бүкілхалықтық ұлық мерекеге айналды.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Осы орайда, облыста атқарылған ауқымды жұмыстардың бірқатарын атап өтсек.

Қазан айында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» деген атпен жоғары деңгейде өткізілді. 21 қарашадан бастап «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі, жұлдызды 25 күн» атты басты мерекелік іс-шаралар барлық аудандар мен қалаларда өтуде.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Мерекелік шаралардан ауылдағы ағайынның шет қалмауы да басты назарда. Ауыл тұрғындарының мерекелік көңіл-күйді сезініп, белсенділікті, патриоттық құлшыныс пен ұмтылысты биіктете түсуі үшін «Өнерім саған, ауылым!» атты бастама көтерілді. Облыс орталығындағы барлық мәдениет мекемелерінің ұжымдары аудандар мен ауылдарға, шалғай елдімекендерге гастрольдік сапармен баруда.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Шалғай елдімекен тұрғындарына медициналық көмек көрсету акциясы мен ауыл шаруашылығы және басқа да тұрмыстық тауарлар жәрмеңкелері жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 25 спорт алаңшасы ел игілігіне пайдалануға беріліп, 25 елдімекен тұрғындарына ауызсу мен табиғи газ, 17 елдімекеннің электр жүйесі жаңартылды.

Оңтүстікте тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Сонымен қатар 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 4000-нан астам отбасы үймен қамтамасыз етілді. Мереке қарсаңында облыста 35 білім ошағы, 4 балабақша, 2 спорт кешені, 2 су қоймасы, 8 мәдениет үйі, 1 емхана, 1 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, 1 мүгедектерге арналған психоневрология диспансер тапсырылды.

Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – халықтың ынтымақ-бірлігі мен қоғамның тұрақтылығы. Мемлекеттің сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың керемет үлгісі қалыптасты.

Әр азаматтың этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Ата Заңымызда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім мен өзара түсіністік орнады.

Жасампаздықтың 25 жылында Қазақстан көптеген ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып, олардың бірқатарына төрағалық етті. Еліміздің өзгелермен терезесі теңеліп, құқықтық-демократиялық, зайырлы әрі іргетасы берік мемлекеттер шоғырына қосылдық. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды.

Қазақстан халықаралық ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы келер жылы Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің өтетіндігі және еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болатынын айтуға болады.

Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі жолында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да аянбай еңбек етіп келеді. Елбасы облысымызға келген сапарларында нақты тапсырмалар беріп, оның жүзеге асырылуын қадағалап, өңірімізге деген ерекше қамқорлығын көрсетеді. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жоғары көрсеткіштерге жетті.

Биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында облыс спортшыларының 1 күміс, 1 қола медаль еншілеп, ел мерейін асырғаны да Тәуелсіздіктің торқалы тойына лайықты тарту болды.